Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1,6 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Әлеумет
18.09.2020, 11:13

Індеттен көз жұмған 22 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1,6 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды
Фото: ашық дереккөзден

18 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1646 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 22 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының, Ақмола және Қарағанды облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom