«Қорғас» Сауда және интеграция министрлігінің құзіретіне беріледі

Жаңалықтар
18.09.2020, 12:21

Бұған дейін халықаралық орталық Алматы облысы әкімдігіне қарады

«Қорғас» Сауда және интеграция министрлігінің құзіретіне беріледі
фото: mcps-khorgos.kz

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы Сауда және интеграция министрлігінің құзіретіне берілетін болды. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Алматы облысының әкімдігіне қарасты «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беріледі.

«Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», - делінген Үкімет қаулысында.

Аталмыш қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom