Шымкент: Қаратау ауданында балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстары қарқын алған

Аймақ
18.09.2020, 17:08

Спорт алаңшаларын орнату, күтіп ұстау жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілді

Шымкент: Қаратау ауданында балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстары қарқын алған
Фото: Серік Қосай

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Азамат Пармановтың қатысуымен

аудандағы балалар ойын алаңшалары мен қоқыс жәшіктерінің жаңартылуы бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өтті.

– Аудан аумағындағы 57 аулаға біріктірілген 139 көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 ашық спорт алаңшаларын орнату, күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бай-Болашақ» ЖШС-і жүргізді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы тозығы жеткен 8 ауланы толық абаттандыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Аманта Груп» ЖШС-і тарапынан жұмыстар атқарылуда. Ал «Әлемстрой-1» ЖШС-і 10 ашық спорт алаңшасын салу жұмыстарын жүргізуде, – деді А.Парманов.

Азамат Бұхарбайұлының сөзіне сүйенсек, тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат қаралған. Бүгінде мердігер мекеме «Сиқым-Олжас» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 2016–2020 жылдары балалар ойын алаңшалары мен аулаларды абаттандыру жұмыстары бөлінген қаржы аясында атқарылып келеді.

Сұхбат

PhotoRoom