Әзірге құс тұмауын жұқтырған адам тіркелген жоқ – ДСМ

Жаңалықтар
21.09.2020, 15:38

СҚО-да құс тұмауы өршіп тұр

Әзірге құс тұмауын жұқтырған адам тіркелген жоқ – ДСМ
фото: pkzsk.info

Құс тұмауы өршіп тұрған аудандарда адамдардың жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі эпизоотиялық жағдайды талқылауға арналған брифингте құс тұмауы адамнан адамға және құстардан адамға, сондай-ақ ет немесе жұмыртқаны пайдалану арқылы вирус жұғу мүмкіндігі аз екенін атап өтті.

Құс фабрикаларының барлық қызметкерлері қазіргі таңда медициналық бақылауда. Сондай-ақ комитет төрағасы бұл жағдай коронавирустық пандемиямен байланысты емес екенін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom