Қазақстанда құс еті мен өнімдеріне бақылау күшейтілді

Аймақ
21.09.2020, 17:28

Төрт өңірде құс тұмауы ошақтары анықталды

Қазақстанда құс еті мен өнімдеріне бақылау күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда құс тұмауы Солтүстік Қазақстан облысынан бөлек, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Қазақстан аумағында құс еті мен өніміне бақылау, оның ішінде олардың сауда орындарында өткізілуіне бақылау күшейтілді. Өңірлерде мұқият құжаттық бақылау, ветеринариялық анықтамаларды тексеру, сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімдерді іріктеу жүргізілуде. Әрбір тұтынушы сатушыдан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы құжаттарды талап етуге құқылы» – деді комитет басшысы.

Елімізде 7 аудан мен бірнеше елді мекендерден құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынып, шектеу шаралары енгізілді.

Сұхбат

PhotoRoom