Ұйғыр ауданында салынып жатқан нысан опырылып құлады

Аймақ
22.09.2020, 11:36

Кешен құрылысы 2021 жылы аяқталуы тиіс

Ұйғыр ауданында салынып жатқан нысан опырылып құлады
фото: nege.kz

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды.

Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат

PhotoRoom