Қамбаға 18 млн тоннадан астам астық бастырылды - АШМ

Экономика
22.09.2020, 12:20

Биыл қазақстандық бидай мен ұнның қайда экспортталатыны белгілі болды

Қамбаға 18 млн тоннадан астам астық бастырылды - АШМ
Фото: akorda.kz

Қазіргі күні еліміздегі астық алаңының 93,4 пайызы жиналып, қамбаға 18 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары және гектарынаорташа есеппен 12,3 центнерден жиналған.

Министрдің айтуынша, астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3,0 млн тонна астық түсті, бұл 2019 жылғы осындай мерзімде астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп.

«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ, ведомство басшысы отандық бидай мен ұн қай елдерге экспорталатынын атап өтті.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom