Тоқаев бірқатар халықаралық бастама көтереді – Берік Уәли

Саясат
23.09.2020, 09:57

Тоқаев БҰҰ сессиясының саяси дебатында сөз сөйлейді

Тоқаев бірқатар халықаралық бастама көтереді – Берік Уәли
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ бас ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 19:45-тен кейін бейнеконференция форматында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Президент қазіргі әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде, коронавирус пандемиясымен күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты проблемаларды шешуге арналмақ», - деп жазды ол.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өзара сенім білдірудегі БҰҰ-ның рөлін күшейтуге назар аударады.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру, «Жасыл экономиканы» дамыту және Орталық Азиядағы өңірлік іс-қимылдарды жандандыру мәселелеріне мән береді.

Мемлекет басшысы елдің ішкі саясатына қатысты мәселелерді де қамтиды, соның ішінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуына да тоқталмақ.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірқатар халықаралық бастама көтереді. Солардың бірі – бүкіл әлемдегі волонтерлердің еңбегін мойындауға, құрметтеуге бағытталған.

Сұхбат

PhotoRoom