Лукашенко ресми түрде президент қызметіне кірісті

Саясат
23.09.2020, 16:28

Лукашенконың инаугурациясына бірнеше жүз адам шақырылды

Лукашенко ресми түрде президент қызметіне кірісті
фото: belta.by

Бүгін Минискіде жақында Беларусь президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенконың инаугурациясы өтті.

БЕЛТА агенттігінің хаабарлауынша, Лукашенконың инаугурациясына бірнеше жүз адам шақырылған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, депутаттар, республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік орган басшылары, жергілікті атқару орган өкілдері, ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері бар.

Беларусь тілінде ант берген Лукашенкоға орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина оған Беларусь республикасының президенті төлқұжатын тапсырған.

Еске сала кетейік, Беларусь елінде президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Сұхбат

PhotoRoom