Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның экономикалық өсу межесі туралы айтты. Оған қоса елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу мен жұмыс істеп тұрған комбинаттарды түбегейлі жаңғырту бойынша нақты тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Үкімет халықаралық қаржы институттарымен, трансұлттық корпорациялармен және отандық кәсіпкерлермен арадағы сындарлы диалогты нығайта түсуі қажет екенін айтып, жаңа өндіріс орындарын ашу, жаңғырту мәселесін тілге тиек етті. Міне, осы ретте «Күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Шымкентте ион алмастырғыш шайыр өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Инвестиция сомасы-30 000 мың АҚШ долларын құрайды.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 60 000 текше метр ион алмасу шайырын құрайды, жобалық қуатқа шығу 2027 жылы жоспарланып отыр. Жоба аясында өнімдерді Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Украинаға экспорттау жоспарлануда. Жоба Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында ион алмастырғыш шайыр өндіретін зауыт салуды көздейді.
Ион алмасу шайырлары - иондарын қоршаған ерітіндіден иондарға айырбастауға қабілетті қатты ерімейтін заттар. Өнімдер атом, биофармацевтика, тамақ, гидрометаллургия және мұнай-химия салаларында кеңінен қолданылады. Осы жобаны іске асыру мақсатында «КАЗХИМПРОМ РЕАГЕНТ» ЖШС кәсіпорны арнайы құрылды. Өнімдерді көршілес елдерге экспорттау мүмкіндігі қарастырылған. Сапалы жабдықтар мен шикізатты пайдалану өндіріс қуатын арттыруға, сондай-ақ өнімді өткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға мүшелігі өнімді көрші мемлекеттердің нарықтарына кедергісіз экспорттауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда әзірге бұл жалғыз өндіріс орны екені мәлім. Сондықтан да нарықта тікелей бәсекелестердің болмауы импортты алмастыру стратегиясын жүзеге асыра отырып, айтарлықтай нарықтық үлесті алуға мүмкіндік береді. Ион алмастырғыш шайыр өндіретін зауыттың құрылысы әрбір тұтынушыға, оның техникалық сипаттамалары мен талаптарына жеке көзқарасты пайдалана отырып, шайырлардың әртүрлі түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. «Казхимпром РЕАГЕНТ» ЖШС кәсіпорны АЭА қатысушысы болғандықтан, жоба шеңберінде КТС, мүлік салығы, жер салығы, жер учаскелерін пайдалану құқығы үшін төлем бойынша жеңілдіктер алуға болады. Сондай-ақ, АЭА қатысушыларының иелігінде шетелдік мамандарды тартудың оңайлатылған тәртібі, арнайы кедендік және салық режимі, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша жобаны толық сүйемелдеу мүмкіндігі бар.