Мәди Такиев жаңа қызметке тағайындалды

Саясат
24.09.2020, 12:59

Ол бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі болды

Мәди Такиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев ҚР Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, Мәди Такиев 2019 жылдың наурызынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі болды.

Сұхбат

PhotoRoom