Медсақтандыру қоры КВИ мен пневмонияға шалдыққан науқастардың емін қаржыландырмақ

Әлеумет
24.09.2020, 15:09

Тиісті құжаттың жобасы Әділет министрлігінде тіркелген

Медсақтандыру қоры КВИ мен пневмонияға шалдыққан науқастардың емін қаржыландырмақ
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген. Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты.

«Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі. Жалпы, оңалту қызметтерін көрсету үшін биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен 46,7 млрд теңгеге  шарт жасасты. Олардың қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар», - деді Қор басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бекітілгеннен кейін, Қор коронавирус немесе пневмониядан жазылып шыққан, медициналық оңалтуға  мұқтаж сақтандырылған пациенттердің емін қаржыландыруға дайын.

Сұхбат

PhotoRoom