Түркияда тоннельде болған жарылыстан 11 адам зардап шекті

Әлем
25.09.2020, 11:38

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді

Түркияда тоннельде болған жарылыстан 11 адам зардап шекті
фото: aa.com.tr

Бейсенбі күні Түркияның солтүстік-шығысында туннельде болған жарылыс салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа Шығыс Анатолия мен Қара теңіздің шығыс бөлігін байланыстыратын Зрзурум-Байбурт күре жолының Коп тауындағы туннелінде газдың жиналып қалуы себеп болған.

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Байбурт қаласының губернаторы Кюнейт Эпджимнің айтуынша, зардап шеккендердің кейбіреулерін күйік шалған. Ол сондай-ақ олардың жағдайы аса ауыр емес екендігін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom