Қазіргі уақытта Шымкентте дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық кластер құру жөніндегі жоба іске асырылуда. Кластерді дамытудың негізгі мақсаты - кластер кәсіпорындарын, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытудың жеделдетілген инновациялық моделін іске асыру үшін жағдайлар жасау болып табылады. Мұндай жағдайларды жасау импорттық аналогтармен сәтті бәсекеге түсе алатын ғылымды қажет ететін медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көбеюіне әкелуі керек.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берді. Осыған байланысты елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш медициналық-фармацевтикалық кластер құрылатын болады. Өңір аумағында өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі - ОҚМА шоғырлануына байланысты Шымкент медициналық-фармацевтикалық кластер құру үшін ең тартымды орын болып табылады. Мегаполистің кластерді дамыту үшін маңызды артықшылықтары бар: білікті кадрларды даярлау жүйесі, сату бойынша серіктестер, сервистік және инфрақұрылымдық қолдау. Кластердің табысты дамуына Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері мен Вонджу технодолин медицина өнеркәсібі ((WMIT) – Оңтүстік Кореяның медицина өнеркәсібінің кластер қаласы арасында ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылғаны ықпал ететін болады.
Бұл өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерге бастама береді, сондай-ақ өңірлік фармацевтика саласына және отандық өнім өндірісіне инвестициялар тарту үшін фарминдустрия кәсіпорындарының барлық қолда бар ресурстарын жинақтайды. Шымкент қаласында медициналық-фармацевтикалық кластер құру дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін дамытуды жеделдетуге, сондай-ақ елдің импортталатын фармацевтикалық өнімге тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік береді.