Шымкент: Елтай тұрғын алабындағы көпір құрылысы қазан айында аяқталады

Аймақ
25.09.2020, 16:00

Тұрғындар осы мәселе бойынша талап-тілектерін жеткізген еді

Шымкент: Елтай тұрғын алабындағы көпір құрылысы қазан айында аяқталады

Бүгінде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын алаптарда 4 көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің жылдық есебінде тұрғындар осы мәселе бойынша талап-тілектерін жеткізген еді. 

Қазіргі таңда Елтай тұрғын алабындағы көпірдің құрылысы кестеге сай атқарылуда. Жауапты мердігер мекеме «ЖБИ-С» ЖШС-і құрылысты 31 тамызда бастаған. Жаңа көпірді қазан айының ортасында халық игілігіне беру жоспарлануда. Көпірдің ені – 9 м, ұзындығы – 12 м.  Жалпы құрылысқа 15 адам тартылған.

Жалпы биыл Қазығұрт аумағында Маятас, Тоғыс және Елтай тұрғын алапта және Бадам-1 тұрғын алапта көпір құрылыстары басталды.

Тегтер:
Шымкент көпір

Сұхбат

PhotoRoom