Қазақстанда індеттен қайтыс болған 29 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Жаңалықтар
28.09.2020, 10:38

Коронавирус жұқтырған 3 мыңға жуық дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Қазақстанда індеттен қайтыс болған 29 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
фото: astana.gov.kz

28 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 2955 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 29 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент қалаларының (140), Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180), Ақмола (180) облысының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom