Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылуына қатысты

Аймақ
28.09.2020, 15:47

Әуежай Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан

Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылуына қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған.

Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар. Әуежай жылына шамамен, үш миллион жолаушыға қызмет көрсете алатын әлеуетке ие.

Қазақстандық әуе компаниялары Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан әрі түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа да облыс орталықтарымен қатынас орнатады.

Бастапқы кезеңде Turkish Airlines әуе компаниясы Ыстамбұлға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы шетелдік компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылатын болады, бұл шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

Сұхбат

PhotoRoom