Қазақстанда 6 млн-ға жуық салымшының зейнетақы қорындағы жинағы 500 мың теңгеге жетпейді

Әлеумет
28.09.2020, 17:40

Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап баспана және ем алу үшін зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін ала алады

Қазақстанда 6 млн-ға жуық салымшының зейнетақы қорындағы жинағы 500 мың теңгеге жетпейді
Фото: ашық дереккөзден

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ баспасөз қызметі көпшіліктің сауалы бойынша зейнетақы жинағының сомасына қатысты жауап берді. Салымшылардың көпшілігін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «ала аламыз ба?» деген сауал толғандыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатындықтары туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда шотында зейнетақы жинағы бар 10,8 млн-нан астам салымшы тіркелген. Оның 5,6 млн-нан астамы ерлер болса, 5,2 млн-нан астамы – әйелдер.

  • 5 906 632 салымшының шотында – 500 мың теңгеге дейін;
  • 1 590 837 салымшының шотында - 501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін;
  • 2 348 114 салымшының шотында – 1-3 млн теңгеге дейін;
  • 634 188 салымшының шотында – 3-5 млн. теңгеге дейін;
  • 238 931 салымшының шотында – 5-8 млн теңгеге дейін;
  • 151 908 салымшының шотында - 8 млн теңгеден асатын сомда жинақ бар.

Сұхбат

PhotoRoom