Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

Рейтинг
29.09.2020, 10:37

Еңбек мигранттарының дені Қытайдан келген

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
фото: azh.kz

1 қыркүйекегі жағдай бойынша, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 378 адамға рұқсат берген.

Оның 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), 3481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген. Шетелдік жұмыс күшін тартуға тартуға арналған рұқсаттың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға қатысты болып отыр - тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының дені қай елдерден келгенін айтар болсақ: Қытай - 3579, Өзбекстан - 1774, Түркия - 1 661, Үндістан – 1266 және Ұлыбритания – 1081 адам.

Сұхбат

PhotoRoom