Түркияға қатынайтын әуе рейстері санын азайтуды ұсынамыз – Цой

Жаңалықтар
30.09.2020, 09:59

ДСМ басшысы халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды

Түркияға қатынайтын әуе рейстері санын азайтуды ұсынамыз – Цой
фото: liter.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынды. Соның бірі – халықаралық әуе рейстер санын шектеу.

«Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркияға рейстер санын азайтуды ұсынамыз», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Одан бөлек, министр екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек екенін айтты: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады.

Сұхбат

PhotoRoom