Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Аймақ
30.09.2020, 13:22

Нұр-Сұлтан соты Руслан Мамуновқа қатысты үкім шығарды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамунов туысы – Қостанай облысының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтан заңсыз жолмен 1,2 млн доллар ақша алды деп айыпталып, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ng.kz хабарлайды. 

Айыптау қорытындысы бойынша Мамунов бұл ақшаны 2016 жылы өте ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа қатысты жазаны жеңілдету туралы келіссөз жүргізуге уәде беріп, алған. Алайда, Мамунов Қостанайдың экс-әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаны екі Lexus көлігі мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 бөлмелі пәтер алуға жұмсаған.

«Руслан Мамунов кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз колонияда 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Әділхан Шайхисламов.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алынған мүліктері, нақтырақ айтқанда, Lexus-NX-200 (2016 ж) және Lexus-LX-570 (2017 ж) маркалы 2 көлік пен және Қалдаяқов көшесіндегі (Нұр-Сұлтан қ.) 2 бөлмелі пәтер тәркіленді.

Сұхбат

PhotoRoom