Асқар Жұмағалиев елші болып тағайындалды

Жаңалықтар
30.09.2020, 17:50

Мемлекет басшысы бірқатар ауыс-түйіс жасады

Асқар Жұмағалиев елші болып тағайындалды
фото: azattyq-ruhy.kz

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Нидерланд корольдігіндегі елшісі болып тағайындалды. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Омаров ҚР Аустрия республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол ҚР Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы ҚР тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сұхбат

PhotoRoom