Шымкент: 17000 метр арық тазаланып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды

Аймақ
27.09.2020, 22:18

Күзгі мезгілде жауын-шашынның көп болуына орай, ауданда арық-атыздарды тазалау да назардан тыс қалған жоқ

Шымкент: 17000 метр арық тазаланып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында күзгі санитарлық тазарлық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Ішкі орам көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау, абаттандыру, арық-атыздарды ретке келтіру басты назарда.

Қаратау ауданы аумағында күзгі санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ішкі орам көшелер мен аулаларда қоқыстарды, қураған шөптерді жинау жұмыстары кезекті рет орындалды.  Күзгі мезгілде жауын-шашынның көп болуына орай, ауданда арық-атыздарды тазалау да назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы аудан аумағындағы 24 елдімекенге əкім аппараты тарапынан жауапты мамандар бекітілген. Санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты – «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і.

Қазіргі таңда 17000 метр арық тазалынып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom