Елбасы Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Саясат
01.10.2020, 18:24

Түймебаев Қазақстандағы этносаралық жағдайды баяндады

Елбасы Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: elbasy.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлердегі Достық үйлерінің қазіргі қызметі жайлы ақпарат берілді.

Елбасы Қазақстандағы әзербайжан мен армян диаспораларының Таулы Қарабахтағы әскери іс-әрекеттерді тоқтату жөніндегі бірлескен үндеуін қолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан үшін дос мемлекеттер арасында келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл өңірдегі жағдайды тезірек тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы тәуелсіздік алған күннен бастап халықтың бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім еліміздің басты құндылығы болғанын айтты. Осы орайда биыл 25 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөліне тоқталды.

Өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев Елбасына этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың және талдау жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Әлеуметтік зерттеулердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан халқының 92,4 пайызы этносаралық ахуалды қолайлы және тұрақты деп бағалаған, ал 89,2 пайызы мемлекеттің елдегі этносаралық келісімді сақтау жөніндегі іс-әрекеттерін қолдап отыр.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері мен пандемия кезінде ұйымдастырылған қайырымдылық жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Сұхбат

PhotoRoom