Шымкент: қалада алдағы үш жылда 47 мектеп салынады

Аймақ
02.10.2020, 14:00

Президент тапсырмасына сәйкес, қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі

Шымкент: қалада алдағы үш жылда 47 мектеп салынады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мұғалімдер мен білім саласының ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өткен қала басшысы  қазіргі пандемияға қарамастан балаларға үздіксіз білім беріп жатқандықтары үшін алғысын білдірді.

«Бүгінде мемлекет білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сай болу мәселесіне баса назар аударып отыр. Мәселен, Қазақстанда жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес, қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі. Сонымен қоса «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл Сіздерден тұрақты түрде ізденуді,  біліктілікті жетілдіре түсуді талап етеді. Бұған кәсіби міндет деп қана емес, азаматтық борыш деп қарауды сұраймын»,-деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов қалада алдағы үш жылда 47 мектеп салынатынын мәлім етті.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 26 мыңнан астам мұғалім бар. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы республикадағы мектептер арасында «Bilim Iand және Onlinemektep.org» интернет - платформасында қашықтан оқытуда екінші орында тұр. Ал ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде үздік үштіктің қатарында.

Сұхбат

PhotoRoom