Шымкент: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылған

Аймақ
05.10.2020, 11:01

Бағдарламаның мақсаты - жұмыссыздық деңгейін төмендету

Шымкент: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылған

Шымкент  қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған.  Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын. Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты.  Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді.

Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

Сұхбат

PhotoRoom