Коронавирус жұқтырған 4,5 мыңға жуық дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Әлеумет
07.10.2020, 10:14

Індеттен қайтыс болған 45 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Коронавирус жұқтырған 4,5 мыңға жуық дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды
фото: aza

7 қазан күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 4494 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 45 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (905) және Алматы (427), Қарағанды (499), Қарағанды (409), Шығыс Қазақстан (388), Атырау (336), Ақмола (329) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom