Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды

Аймақ
07.10.2020, 10:41

24 шілдеде Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіге байланысты дау туды

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды
Фото: sputniknews.kz

Қарағандыда тергеу изоляторының камерасында Сатбаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған күдіктінің денесі табылды.

6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тергеліп, тұтқындалған күдіктінің денесі табылды.

«Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінен қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан жедел тергеу тобы келді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 24 шілдеде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласында жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынғанын хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom