Алматы облысында сәбиін өлтірген ана мәйітін мұздатқышта жасырып келген

Аймақ
08.10.2020, 10:18

Әйел баласын жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, туыстарын 2 айдан бері үйіне кіргізбеген

Алматы облысында сәбиін өлтірген ана мәйітін мұздатқышта жасырып келген
фото: polisia.kz

Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өлімі ашылды. Оқиғаның мән-жайы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

2020  жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді.

«Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан», - делінген хабарламада.

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде  Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сұхбат

PhotoRoom