Тендерге қатысушылардың саны екеуден кем болған
5 қазанда Шымкент әуежайы сатылымға қойылғаны хабарланды. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Шымкент қаласының әуежайы» АҚ сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жариялады. Өтінімді тек үш апта – 18 қыркүйектен 8 қазанға дейін қабылдайды.
Бүгін өтінім қабылдау күні аяқталды. Алайда, сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды. Электрондық сауда алаңы e-auction.gosreestr.kz порталындағы мәліметке сүйенсек, тендерге қатысушылардың саны екеуден кем болған.