Мұхтар Әблязов қамауға алынып, екі күннен кейін босатылды

Саясат
08.10.2020, 18:14

Қазақстан Париж прокуратурасына шағым түсірген

Мұхтар Әблязов қамауға алынып, екі күннен кейін босатылды
Фото: sputniknews.kz

БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов екі күн түрмеде отырып шықты. Қазіргі кезде оны Франция соты қадағалауға алды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Әблязовтың адвокаты Жерар Чолакян AFP агенттігіне берген сұхбатында 7,5 миллиард долларды жымқыру бойынша айып тағылғанын жеткізді. Соның ішінде «кінәні ауырлататын мән-жайлар болған кезде сенімді теріс пайдалану» және «ақшаны жылыстату» әрекеттері бар. Оның айтуынша, сот өндірісі Қазақстан берген шағымның негізінде қозғалды.

«Париж прокуратурасына Қазақстаннан шағым түскен. Соны білместіктен назарға алып, тергеу судьясына жіберген тәрізді. Негізі жақында Франция Мұхтар Әблязовқа саяси баспана берген», - дейді Чолакян.

Мұхтар Әблязовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында екі күн түрмеде отырып шыққанын растады. Оны дүйсенбі күні қамауға алған. Қазіргі кезде ол сот қадағалауына алынды.

Сұхбат

PhotoRoom