Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков, қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев пен мәслихат депутаты Алина Дубинина қалалық 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы қала тұрғындарын жұмыспен қамту тармағының орындалуына зерделу жұмыстарын жүргізді.
Ең әуелі Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мекемесінде болып, жұмыспен орналасқан қызметкерлермен тілдесті. Аталған мекемеде мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының 4 пайыздық мөлшерімен 10 адамды жұмыспен қамту бекітілген. Коммуналдық мекеменің штат саны 400 қызметкерді құрайды. Жыл басынан бері мұнда 14 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа қабылданған.
Айта кетейік, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2024 жылға 33 500 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту болса, соның ішінде 1368 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қатыстыру жоспарланған. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 17 шілде жағдайымен 657 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылды.