Қазіргі таңдағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық

Рейтинг
21.07.2024, 16:53
Қазіргі таңдағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық

Исламабадта «2024 Астана ШЫҰ  Саммитінен кейін: жетістіктері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, халықаралық қатынастар және әлемдік саясат саласындағы жетекші талдаушылар, дипломатиялық корпус, сарапшы және ғылыми академиялық ортаның өкілдері мен студенттер қатысты. Ал құрметті қонақ ретінде Сенатор Шакур Хан Ачакзай шақырылды.

Іс-шарада биылғы жылдың шілде айының басында Астанада ұйымдастырылған ШЫҰ Саммитінің және «ШЫҰ+» кеңейтілген форматының қорытындылары талқыланды.

Аталған дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафин ШЫҰ-да Қазақстанның төрағалығы кезіндегі жетістіктерге, ұйымдастырылған іс-шаралар мен мақұлданған құжаттардан хабардар етті.

Сонымен қатар, Елші Мемлекет басшысының «Middle Powers have the power to safe multilateralism» мақаласына, ондағы басты тезистерге тоқталды.

Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының президенті доктор Фархат Асиф  халықаралық ұйым ретіндегі ШЫҰ маңызы мен аталған ұйымдағы Пәкістанның рөліне тоқталды. Фархат Асиф еліміздің ұйымға төрағалығының беленділігін атап өтіп, бұл ұйымға әлемнің 40 пайыз тұрғындары кіретінін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ШЫҰ-ғы Қазақстанның төрағалығына жоғары баға беріп, Астана халықаралық дипломатиялық орталық деп атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Елшілігі іс-шараны ұйымдастырушылар мен пікір білдіріп, спикер ретінде қатысқандарға алғысын білдірді.

Үш жылдан астам аталған елде Елшілік қызметін атқаратын Ержан Қыстафин екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер, сапарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда.

Соның бірі туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы Пәкістанның Өңіраралық үйлестіру Федералды министрі Рана Санауллахпен кездесуі.

Кездесуде Қазақстан пен Пәкістан арасындағы аталған саладағы қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстар, жоспарлар талқыланып, туристік ағынды ұлғайту мақсатында туроператорлармен алмасу ұсынылды.

Спорт саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе үлкен теннис, таэквондо, гольф, велоспорт, шахмат бағыттарында қарқынды дамып келе жатқандығы хабарланды.

Кездесу қорытындысымен еліміздің Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен онлайн-келіссөздер ұйымдастыру келісілді.

Одан бөлек, Қазақстандық Елші Пәкістан Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және зерттеулер федералды министрі Рана Танвир Хусейнмен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік мен оның даму жолдарын қарастырды.

Ержан Қыстафин еліміздің инвестициялық әлеуетімен таныстыра отырып, Пәкістандық жетекші компанияларды елімізде кәсіпорындарды ашу арқылы қазақстандық нарыққа кіруге шақырды.

Жоғары білім беруді дамыту және бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жосарлармен бөлісу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Пәкістан Жоғары білім жөніндегі комиссиясының төрағасы доктор Мұхтар Ахмедпен онлайн келіссөздер жүргізді.

Онлайн келіссөздер барысында Пәкістандық жастар тарапынан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына деген қызығушылықтың артқаны айтылып, осы ретте Университтер арасындағы байланысты нығайту жолдары қарастырылды.

Екі ел арасындағы білім беру жүйесіндегі әріптестікті нығайту үшін жүйелі шалар қабылдау қажеттігі айтылып, қазақстандық Елші пәкістандық делегацияны Қазақстанға келуге шақырып, өз кезегінде  Пәкістан Жоғары білім жөніндегі комиссиясының төрағасы шақыруды қабыл алды.

Жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту мақсатында Қазақстандық Елші Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Ұлттық заманауи тілдер Университетінің ректоры Шахид Махмуд Каянимен кездесіп, еліміздің жетекші Университетерімен ынтымақтастықты дамыту бағыттарын анықтау үшін елімізге шақырды.

Өз кезегінде ЖОО басшысы Университеттің қызметімен, жеткен жетістіктері мен қолға алынған шет тілдерінен хабардар етіп, Қазақстандық университеттермен ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы шақыруға алғысын білдіріп, жақын арада келуге ниет білдірді.

Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының Президенті Атиф Икрам Шейх мырзаны қабылдауында екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті арттыру жолдары мен экономикалық ынтымақтастықта жеткен жетістіктер талқыланды.

Қазақстан-Пәкістан іскерлік кеңесінің отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, В2В байланыстарды дамыту, бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру жолдары талқыланды.

Отырыста сөз сөйлеген Ержан Қыстафин бұл бағытта атқарылған жұмыстармен, қолға алынған жобалар мен жоспарларға тоқталып, Пәкістанның ірі логистикалық компаниялары тарапынан Қазақстан арқылы жаңа мультимодальды тасымалдардың сәтті іске қосуын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада бизнес-делегацияның Алматы қаласына сапарының сәтті өткендігі мен банктік байланыс арналарын құру талқыланды.

«VersaPulse» виртуалды көрмесіне құрметті қонақ ретіне шақырылған қазақстандық дипломат екі ел арасындағы экономика бағытындағы ынтымақтастықты дамытудағы мүмкіндіктерге тоқталып, бұл бағытта қол жеткізілген нәтижелерден хабардар етті.

Қазақстандық тараптан көрмеге «Kazakh Invest» ұлттық компанияның, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының, «Беріктігі жоғары кабельдік құбырлар зауыты», «К-Макс Агро», «Учет.кз»,  компанияларының өкілдері, сондай-ақ Радиоэлектрондық өнеркәсіп өндірушілер қауымдастығының төрағасы қатысты.

Онлайн көрмеде еліміздің инвестициялық ахуалына қатысты презентация жасалып, кәсіпкерлер арасында B2B келіссөздер жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларындағы байланысты нығайту мақсатында Пенджаб провинциясының ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және сүт өнеркәсібі министрі Сайед Мұхаммед Аших Хусейн Шахпен кездесіп, бұл бағыттағы фермерлерді қолдау, инновацияларды дамыту бойынша қолға алынған шаралар талқыланды.

Айта кету керек, Пенджаб Пәкістанның ең ірі провинциясы және ауылшаруашылық хабы, индустриалды тұрғыдан дамыған аймақ.

Пәкістанда урду тіліне аударылған «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, оған аталған елдің іскерлік, ресми, академиялық, шығармашылық орта өкілдері қатысып, ашылу салтанатында қос елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы, бұл бағыттағы байланыстарды дамытудың маңыздылығы айтылып, фильм көрермендердің зор ілтипатына ие болды.

Пәкістанның Ұлттық кітапханасында провинциялардың ресми тілдеріне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», сондай-ақ қазақ-урду-ағылшын  тілашарының таныстырылымы өтті.

Пәкістан шахмат федерациясының президенті Ханиф Курешимен кездесуде екі елдің шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою жоспарларын талқылады.

Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар мемлекеттік министрі (MOITT) Шаза Фатима Хаваджамен кездесуде IT секторындағы Қазақстандық және Пәкістандық тәжірибелермен алмасып, екі елдің уәкілетті органдары мен компаниялары арасындағы байланысты орнату үшін жұмыс тобын құру ұсынылды.

Пәкістанның жетекші провинциясы Пенджабтың Бас министрі Мәриям Наваз Шариф ханыммен кездесуде индустриялық тұрғыдан ең ірі және дамыған өңір болып табылатын Пенджаб провинциясымен қарым-қатынасты дамыту жолдарын қарастырды.

Елшіліктің бастамасымен Qazaq Radiolary және Pakistan Radioсы басшылығының онлайн кездесуі өтіп, бірлескен радио продакшн шығару, елдердің мәдениеті, тарихы, туристік әлеуеті туралы арнайы подкастар әзірлеу ұсынылып, радиолардың қызметтері жайында сөз қозғады.

Пәкістан теміржол Министрінің бірінші орынбасары Сайед Али Шахпен кездесуде пәкістандық тарап теміржол бағытын күшейту мақсатында шетелдік инвесторларды тарту бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырса, қазақстандық дипломат екі елдің ведомстволары арасында диалогты нығайту қажеттігіне тоқталды.

Кездесу қорытындысымен екі ел арасында теміржол бағытындағы ынтымақтастықты дамыту келісілді.

Сұхбат

PhotoRoom