Қазақстандық дипломат Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесіп, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің құттықтауын жеткізіп, екі ел арасындағы саяси, мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
Сатыбалды Бұршақов пен Тимчо Муцунски экономика, энергетика, гуманитарлық салаларда қолға алынған жобаларды қарастыруға келісті.
Айта кету керек, биылғы жылдың маусымында Қазақстандық Елші Солтүстік Македония Республикасының Президенті Гордана Силяновска-Давкова ханымға сенім грамоталарын табыстап, президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы болып сайлануына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.
Дипломат Скопьеде жаңадан ашылған еліміздің Елшілігінің жоспарымен таныстыра келе, Қазақстанның сыртқы саясат пен халықаралық ұйымдармен байланысы мен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардан хабардар еткен болатын.
Ел тарихындағы тұңғыш әйел президент Силяновска-Давкова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін алғыс айтып, Елшіні құттықтап, түрлі салаларда, әсіресе экономикалық, сауда-саттық, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм салаларындағы әріптестікті дамытуға жаңа тәсілдерді іздеуде табыс тіледі.
Кездесуде дипмиссия басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл орнауына сәйкес келер жылы түрлі іс-шаралар өткізу бағытындағы ұсынысын Македония Президенті қолдады.