Шымкентте 30 ауыз су нысанның құрылысы жүргізілді

Аймақ
07.10.2020, 17:45

Бұл шаһардағы 34 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылады деген сөз

Шымкентте 30 ауыз су нысанның құрылысы жүргізілді

Шымкентте қала халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, тұрғындарды толыққанды сапалы ауыз сумен қамту үшін биылғы жылы қалада 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады.

Басқарма мамандарының мәлімдеуінше, биыл осы нысандардың 19-ы ел игілігіне беріледі. Ал қалған 11 нысан келер жылдың еншісіне тиіп отыр. Осылайша, жыл соңына дейін қаладағы 16 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Бұл шаһардағы 34 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылады деген сөз.

Атап айтқанда, ауыз су кестемен беріліп келген Абдулабад, Базарқақпа, Өтеміс, Бадам-1, Текесу, Игілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл және Қызылжар, Жаңаталап сынды 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауыз суы тасымалданатын «Тұран» шағынауданымен 6 елдімекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Олар: Тассай, Бадам-Бадам 2, Бадам 195 орам, Азат, Достық тұрғын алабтары.

Бұдан бөлек, Ахунбабаев-Гагарин көшесінен Көкбұлақ елдімекеніне дейінгі магистралдық құбыр мен Тұран айналма жолынан Тұран шағын ауданына дейінгі ұзындығы 6,88 шақырымды құрайтын суаққы құрылысы жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom