Шымкент: «Солтүстік саяжай» шағынауданында ауыз су жүйесінің құрылысы басталды

Аймақ
08.10.2020, 10:07

Құрылыс аяқталған соң шағынаудан тұрғындары толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Шымкент: «Солтүстік саяжай» шағынауданында ауыз су жүйесінің құрылысы басталды

Шымкент қаласының аудан аумақтарында тұрғындарды ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл жөнінде  Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді.

Шымкент қаласы Абай ауданындағы «Солтүстік саяжай» шағынауданы тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. «Су жоба құрылыс» ЖШС тарапынан инженерлік жүйелердің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын.

 Қазіргі таңда мердігер мекеме «Бесқара» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Құрылыс аяқталған соң шағынаудан тұрғындары толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

 

Сұхбат

PhotoRoom