Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Саясат
12.10.2020, 11:21

Қазақстанның Кувейт, Молдова, Кипр елдеріндегі елшілері тағайындалды

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды.

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстанның Кувейттегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстанның Кипрдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom