Шымкент: Елімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсірілмек

Аймақ
12.10.2020, 13:02

Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі

Шымкент: Елімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсірілмек
Фото: Серік Қосай

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп түсіретін «Манеж» сериалының алғашқы көрсетілімі бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев сериалдың мақсатын жеткізді.

– Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші кәсіби цирктің құрылуын, қалыптасуын, сондай-ақ жастарды циркке баулуды және аңдармен жұмыс жасау өнері секілді қызықты оқиғаларды тамашалайды. Бұл сериал – еліміздегі алғашқы жоба, яғни, мұны Шымкенттің бренді ретінде қабылдауға болады, – деді Арман Махмұтұлы.

Идея авторы Шымкент қаласы «САҚ» киностудиясының режиссері Батырхан Дәуренбековтің айтуынша, бастапқыда 25 минуттан тұратын 10 бөлімі түсірілмек. Егер сериал көрермендерді қызықтырып жатса, жалғастырылады. Ал «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің сөзінше, аталған фильм киностудияның өз қаржысына түсірілуде. Осы жылдың соңына дейін екі сериясын жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қос шығармашылық ұжым бірлесе отырып, цирктің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсететін танымдық бұл көркем фильм Қазақ мемлекеттік циркінің 50 жылдығына арналады. Мұндағы сюжеттер «Шымкент-Циркте» және қаланың көрікті жерлерінде түсіріледі.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom