Коронавируспен күресте қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің туыстары өтемақы алды

Әлеумет
13.10.2020, 10:19

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Коронавируспен күресте қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің туыстары өтемақы алды
Фото: ашық дереккөзден

12 қазан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 5334 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (1027) және Алматы (560), Шығыс Қазақстан (480), Атырау (465), Қарағанды (409) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom