Балалардың құқығын қорғау маңызын жоймайтын басты мәселелердің бірі. Бала әуелден отбасында тәрбиеленетіндіктен, оның басты құқығын ата-анасы қорғайды.
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті. Балалардың құқығын қорғау, оларға қатысты заң бұзушылық жағдайлары бойынша заңгерлер, адвокаттар, білім басқармасының жауапты мамандары, әділет департаментінің өкілдері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, заңгерлік кеңес берді.
Қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі әлеуметтік мәселе бойынша көмек сұрай келген. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін санаториге жолдама алу, мектеп ауыстыру, сынып ауыстыру секілді сұрақтар төңірегінде заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Исламова Зухра есімді қала тұрғыны жаңа туған нәрестесінің құжатына қатысты көмек сұрады. Ал, Сайранбаева Балжан алимент өндіру бойынша сот орындаушылардың әрекетсіздігін айтып заңгерлік көмек алуға келген. Ағайдарова Сырғакүл жалғызбасты, көп балалы ана әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде есепте тұрса да арнайы көмек алмайтынын айтып, заңдылық жолдарын сұрады.
Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша заңгерлік кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың мәселелері толық қаралып, сала мамандары тарапынан шешу жолдары қарастырылды.