Тоқаев: Жээнбеков - Қырғызстанның легитимді президенті

Сайлау-2019
13.10.2020, 21:17

Тоқаев Қырғызстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Тоқаев: Жээнбеков - Қырғызстанның легитимді президенті
Көрнекі фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы Twitter желісінде жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды", - деген Тоқаев. 

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантатынын айтқан. 

"Біз барлық саяси күштерді алғашқы қақтығыс сәтінде ақ сабырға шақырдық" - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, жақында Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстандағы жағдай бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.

Сұхбат

PhotoRoom