Шымкент: Орман тұқымбағында егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде

Аймақ
10.10.2020, 17:31

Орманшылардың айтуынша, қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады

Шымкент: Орман тұқымбағында егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде

Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің орман тұқымбағында ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгінде талшын ағашының (каштан) тұқымдарын жинау және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 8.2 га орман тұқымбағына емен ағашының тұқымдарын себу және тұқымбақ аумағын жайластыру, суғару жұмыстары басталды. Бүгінге дейін 300 кг емен жаңғағы тұқымы жиналған болатын.

Орманшылардың айтуынша, қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.

Сұхбат

PhotoRoom