Коронавирус жұқтырған 6 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Жаңалықтар
14.10.2020, 10:14

Індеттен қайтыс болған барлық 182 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Коронавирус жұқтырған 6 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды
фото: azattyq-ruhy.kz

14 қазан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 6006 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (1105) және Алматы (560), Қарағанды (551), Шығыс Қазақстан (507) және Атырау (470) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom