ШҚО-да оқу жылы басталғалы 62 оқушы коронавирус жұқтырды

Аймақ
14.10.2020, 17:39

COVID-19 вирусы анықталған 37 оқушы кезекші сыныптарда оқиды

ШҚО-да оқу жылы басталғалы 62 оқушы коронавирус жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйектен 13 қазанға дейінгі аралықта 62 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде, 37 оқушы кезекші сыныптарда, қалған 25 оқушы қашықтан оқиды.

ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, вирус анықталған барлық мектептерде дезинфекция жүргізілген.

Аудандар мен қалалар бойынша:

  • Риддер – 12 оқушы (1 қашықтан / 11 оффлайн);
  • Алтай ауданы – 11 оқушы (2 қашықтан /9 оффлайн);
  • Глубокое ауданы – 11 оқушы (7 қашықтан /4 оффлайн);
  • Өскемен – 10 оқушы (6 қашықтан /4 оффлайн);
  • Семей – 7 оқушы (6 қашықтан / 1 оффлайн);
  • Көкпекті ауданы – 5 оқушы (3 қашықтан /2 оффлайн);
  • Шемонаиха ауданы – 2 оқушы (0 қашықтан / 2 оффлайн);
  • Курчатов – 2 оқушы (0 қашықтан / 2 оффлайн);
  • Күршім ауданы – 1 оқушы (0 қашықтан / 1 оффлайн);
  • Катонқарағай ауданы – 1 оқушы (0 қашықтан / 1 оффлайн) ауырған.

Сұхбат

PhotoRoom