Қазақстандық жастардың Чехияда білім алуға қызығушылығы артуда

Рейтинг
19.08.2024, 21:21

Бүгінде еліміздің 3000-нан астам жастары Чехияда білім алып, онда оқитын шетелдік студенттердің саны бойынша үшінші орында  тұр.

Бұл туралы Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың Чех Республикасының Білім, жастар және спорт вице-министрі Вацлав Велчовскиймен кездесуінде хабарланды.

Екі жақты кездесуде тараптар білім беру саласындағы перспективаларды талқылап, мемлекеттер арасындағы жоғары білім берудегі оң динамиканы атап өтті.

Кездесуде еліміздегі ЖОО білім беру сапасынан, Үкімет тарапынан білімді жетілдіру мақсатында қолға алынған жобалар мен бағдарламалардан, Университеттердің Erasmus + бағдарламасына қатысуы мен Қазақстанның өңірлік білім беру хабын құру барысын таныстырды.

Бүгінде екі мемлекеттің Университеттері арасында 60-тан астам ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар түзілген.

Бақыт Дүйсенбаев Чех тарапын көлік-логистикалық мүмкіндіктермен таныстыра келе, инвесторларға көрсетілетін қолдаулардан, Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу мүмкіндіктерінен, «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде студенттерді оқыту тәжірибесінен хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге келісті.

Қазақстандық жастардың Чехияда білім алуға қызығушылығы артуда

Одан бөлек, Қазақстанның Елшісі өндіруші технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тау-кен, мұнай-газ, энергетика салаларындағы чех компанияларының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде 12 чех компаниясын еліміздің экономикалық өсу динамикасымен таныстырып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығынан, отандық өнімге қойылатын басымдықпен қатар, шет елдік инвесторларды қолдау саясатынан хабардар етті.

Чех өндіру техника өндірушілер қауымдастығына кіретін компаниялар өндірістік мүмкіндіктері  туралы айтып, қазақстандық өндіруші компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Бұған дейін де бірқатар чех компаниялары елімізде бірлескен жобаларды жүзеге асырып, өздерін оң жағынан танытса, бүгінде сервистік орталықтар ашуды, технологиялар трансферін дамытуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, тараптар бұл салада ұзақ мерзімді әріптестікті құру жолдарын талқылап, өзара іс-қимылды жандандыру бойынша пікір алмасты.

Сұхбат

PhotoRoom