Шымкентте оқушыларды интернетпен қамтамасыз етуге 235 млн теңге бөлінді

Аймақ
14.10.2020, 16:34

Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал 760 отбасының үйлеріне кабельдік интернет жүргізілді

Шымкентте оқушыларды интернетпен қамтамасыз етуге 235 млн теңге бөлінді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

-    Барлық білім беру ұйымдары интернетке қосылған. Оған 235,9 миллион теңге бөлінді. «Қазақтелеком» АҚ-мен интернет жылдамдығын секундына 8-ден 12 мегабайтқа дейін арттыру туралы келісімшарт жасайтын боламыз. 18 461 отбасыдан 31 798 бала интернет-байланысына мұқтаж. Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал 760 отбасының үйлеріне кабельдік интернет жүргізілді, - деді ол.

Айта өту керек, үшінші мегаполисте 224 618  бала қашықтықтан оқып жатыр. Оларды техникамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңға дейін  33 840 компьютер берілді.

Сұхбат

PhotoRoom