Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
19.10.2020, 12:13

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов пен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Дарын Тұяқов 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;

2019-2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.

Мұхамеджан Таласов 2017-2019 жылдары ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығының орынбасары, 2019-2020 жылдары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары болды.

Сұхбат

PhotoRoom