Қазақстанда 16 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істеп жүр

Әлеумет
19.10.2020, 14:56

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1785 жұмыс беруші бар

Қазақстанда 16 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істеп жүр
Фото: ашық дереккөзден

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 105 адамға рұқсат етілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

641 рұқсат бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары), 3 449 – екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілді. ШЖК тартуға берілген рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша берілді – тиісінше 7 461 адам және 1 125 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 735 адам, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 694 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1785 жұмыс беруші бар. Оларда 455 816 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының дені Украина (3 511 адам), Таиланд (1 723), Түркия (1 669), Өзбекстан (1 186), Сербия (1 065) елдерінен келген.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2020 жылға ШЖК тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32%-ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.

Сұхбат

PhotoRoom