ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ЕЛДІ ДАМЫТУ

Рейтинг
13.09.2024, 10:36
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ЕЛДІ ДАМЫТУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен а5ымда5ы жылдың маусымында туризм саласын ілгерілету бойынша ауқымды кеңес өткен болатын. Кеңес барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы туризм саласының бүкіл әлемде актуалды екенін айтып, оны дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстандағы туризмді дамытуда әлі де кемшіліктер бар екенін ашық айтып, алуан түрлі табиғи байлыққа, мәдени мұраға, тұмса табиғатқа ие мемлекетімізде осы саланы өркендетуге ден қойылуы керектігін жеткізді. Туризм саласын дамыту арқылы өзге де салаларды ілгерілету мүмкіндігі бары жасырын емес. Үшінші мегаполис саналатын Шымкентте дәл осы туризм саласын дамытуға негізделген семинар мәрсеіне жетті. Кәсіпкерлер палатасында өткен ауқымды жиынға қаламыздың туризм саласына қатысы бар барлық мамандар бас қосты.
Аталмыш алқалы жиынға «Визит-Шымкент» туристік-ақпарат орталығының, кәсіпкерлер палатасының мамандары, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері, этнографтар, турагенттік жетекшілері, гидтер қатысты.

«Визит Шымкент» туристік-ақпарат орталығы басшысының орынбасары Бағдат Пардабайдың айтуынша, семинардың мақсаты – қаламызға табан тіреген турситерді қарсы алып, қызмет көрсету сапасын арттыру, жалпы осы саланы ілгерілетіп, дамыту болып табылады. Себебі  кез келген елдің мәдениетін, тарихын танып, танысу ол елдің әуежайынан, вокзалынан, шекарадан басталады.
                  Семинарда ұлттық парктің маманы табиғат аясында демалудың тәртібін түсіндірді.
«Жалпы, қорықтар, табиғи парктер мен резерваттар ерекше қорғалатын табиғат аймақтары болып саналады. Ол аймақтарда демалудың өз тәртібі бар. Соның бірі – табиғаты әсем, көпшілік қызығатын «Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық паркі. Бізге туристер, қыдырушылар өте көп келеді. Парктің туристік рекреация және шектеулі шаруашылық аймақтарында қыдырушылар демалып, арнайы орындарда от жағып, тамақ әзірлей алады. Мұның бәрі  парк қызметкерлерінің нұсқауымен ғана орындалады. Басқа орындарда от жағуға, қоқыс тастауға мүлдем болмайды. Сонымен қатар бір топ қыдырушыны ертіп апаратын гидтер өз бағыттары туралы алдын ала хабарлап, туристер жеке құжаттарын алып жүруі тиіс. Бұл тәртіптен Шымкент қаласы бойынша экскурсоводтар мен гидтердің барлығы дерлік хабардар деп айта аламыз», – дейді «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Қалжігіт Қалыбаев.
               Ал Түркістан халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілі қазақтың қонақ күту дәстүріне ерекше тоқталды.
-  Қонақжайлылық ежелден қазақ халқының ерекше қасиеті екені баршаңызға мәлім. Қазақтың үйіне қонақ қай уақытта келсе де оған сәлем мен құрмет көрсетіліп, қонақжайлылықпен қарсы алады. Қонақ дала көшпелілері өмірінің әлеуметтік-мәдени коммуникациясының негізгі тұлғаларының бірі болды. Бүгінде қазақтар ежелден келе жатқан қонақжайлылық заңдылықтарын жоғалтқан жоқ, керісінше, оның шекарасы кеңейді. Тек қазақтар ғана емес, көп ұлтты мемлекетімізде тұратын басқа ұлыс өкілдері де қонақ күту мәдениетін меңгергені қашан, – деді этнограф Бибігүл Иззатуллаева өз сөзінде.
              Семинар барысында туристік компаниялардың өкілдері шетелдік азаматтарды күтіп алғанда жағымды әсер қалдырып, сапалы қызмет көрсетудің туризм саласын дамытуға қосар үлесі туралы ұсыныс-пікірлерін шекарашылар мен әуежай қызметкерлеріне жеткізді. Жиынға қатысушылар өзара сұрақ-жауап алмасып, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сұхбат

PhotoRoom