Бір жасар баласын сатқан шымкенттік ана 6 жылға сотталды

Жаңалықтар
20.10.2020, 10:52

27 жастағы ана мұндай қадамға жоқшылықтан барған

Бір жасар баласын сатқан шымкенттік ана 6 жылға сотталды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Шымкент полицейлері кәмелетке толмаған баланы сату фактісінің жолын кесті, көкек-ана алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне жас ананың кәмелетке толмаған баласын сату туралы ұсынысы бар екені туралы жедел ақпарат келіп түскен. 2020 жылдың 11 қаңтарында жедел шаралардың нәтижесінде бір жастағы баласын 1 млн теңге сомасындағы ақшаға бағалап, сату кезінде 1993 жылы туған азаматша ұсталды», - делінген хабарламада.

Ол мұндай шешімге ақша тапшылығына байланысты барғанын жеткізді және баланы сатып алушыдан алған ақша алынды.

Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 қыркүйегіндегі үкімімен аталған азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сұхбат

PhotoRoom